Бұл жобаның құны – 1 млрд. теңге. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша «Даму Қоры» арқылы жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен 300 млн. теңге қаржылай қолдау көрсетілген.
«Uralsk Trade Company» сүт өндірісі зауыты 1 ай бұрын іске қосылған. Жаңа зауытта Беларусь Республикасынан жеткізілген құрғақ ұнтақтан сүт дайындалады. Өнім 25 градусқа дейінгітемпературада 6 айға дейін сақталады. Келешектеөндіріс көлемі мен өнім түрлері көбейтіледі. Олүшін сүт қабылдау орны ашылмақ. Ол үшін база, инфрақұрылым бар. Зауытқа әзірге 30 адамжұмысқа қабылданған. Жоба толықтай іскеқосылған кезде жұмысшылар саны 100-ге жеткізіледі.
– Зауыт тәулігіне 116 тонна сүт дайындауға қуатты. «Зорькин луг», «Молоково» тауарлық белгісін қолданып келеміз. Қазіргі уақытта «Уральская» тауарлық белгісін патенттеуге ұсындық. Осы «Уральская» белгісімен шығатын өнім тек табиғи сүттен болады. Сүт қабылдау орнын ашсақ, айран, сүзбе өндіреміз, – дейдікәсіпорын басшысы Саяхат Ғабдуллин.
Томирис СҰЛТАН