Алматыда мектептерде оқушыларды нөмірмен атай ма?

Алматы қаласының Білім басқармасы осы жағдайға байланысты тексеру жүргізді.

Алматыда мектептерде оқушыларды нөмірмен атай ма?
фото: egemen.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар Алматы қаласындағы №87 мектепте педагогтардың балалардың аты-жөнін атауды қойғаны туралы жазуда. Оның орнына әр балаға әріп пен сан берілген екен. Бұл - жалған деп хабарлайды Paryz.kz, Stopface.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы қаласының Білім басқармасы осы жағдайға байланысты тексеру жүргізді.

Аталған фактілерді тексеру барысында №87 ЖББМ КММ оқушыларын әріп және нөмір бойынша атау туралы ақпарат расталған жоқ, – деп хабарлады Алматы Білім басқармасының бас маманы Қуандық Ешімет.

Демек, таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.