Қаласы әкімінің баспасөз қызметі шенеуніктердің ұсталғанын растап отыр.
Әлеуметтік желілерде Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен оның қарамағындағы екі қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты қала әкімінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлайды Paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, 29 қыркүйекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің екі қызметкері қала әкімінің орынбасарымен бірге ұсталған. Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі шенеуніктердің ұсталғанын растап отыр.
Иә, расымен де солай. Қала әкімінің орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары және сол бөлімнің маманы жауап алу мақсатында ұсталды. Бізде басқа ақпарат жоқ, – дейді қала әкімінің баспасөз қызметі.