Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Тоқаевтың тазылары күшіктеді

Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, президент 8 күшіктің екеуін алып қалған, алтауын сыйға тартқан.

Тоқаевтың тазылары күшіктеді
фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазы иті жақында күшіктеді дейді сенімді дереккөзге сілтеме жасаған ulysmedia.kz.

Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, президент 8 күшіктің екеуін алып қалған, алтауын сыйға тартқан.

Белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев екі асыл тұқымды тазы асырайды. Таңертең иттерімен серуенге жиі шығып тұрады. Тазылары екі жаста.

Дереккөз бөліскен ақпаратқа сәйкес иттердің аты – Роберт пен Никсон. Екеуі де ұрғашы. Бір қызығы, шетелдік есімдер бірден АҚШ саясаткерлерін еске түсіреді. Олар Роберт Кеннеди мен Ричард Никсон.

Естеріңізде болса, биыл наурыз айында президенттің тазымен серуендеп жүрген суреті жарияланды. Ақорданың баспасөз қызметі сирек тұқымды иттің шынымен президентке тиесілі екенін растаған еді.

Мемлекет басшысы осы үй жануарларын ерекше жақсы көреді. Ол мұны біздің ұлттық қазынамыз, ұлы дала мұрасының маңызды бөлігі деп есептейді. Сондықтан осы ерекше тұқымды сақтау үшін жан-жақты күш-жігер қажет. Президент мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан тазының гендік қорын қолдауға бағытталған барлық талпынысты қолдайды, - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.