Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстандық блогер "Супермамаситаға" қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұған дейін миллионер-блогердің жазылушылары пайдасы болмаған курстың ақшасын қайтаруды талап етіп, полицияға арызданған.

Қазақстандық блогер "Супермамаситаға" қатысты қылмыстық іс қозғалды
фото: ашық дереккөз

"Супермамасита" деген атпен танымал блогер Әлия Байтұғаеваға қатысты іс Алматы қалалық Полиция департаментінің мүліктік қылмыстарды тергеу бөлімінде қаралып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, қылмыстық іс бойынша шешім әлі қабылданбаған. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында айтты.

Байтұғаеваға қатысты бұлтартпау шарасы қабылданбаған. Тергеу жүргізілуде, азаматтардан қаражат өндіру әрекеті бойыншы тиісті тексерулер жасалуда. Жақында бұл тексерулердің барлығы аяқталып, біз тергеудің келесі кезеңіне өтеміз, – деп мәлімдеді Әбдірахманов.

Бұған дейін миллионер-блогердің жазылушылары пайдасы болмаған курстың ақшасын қайтаруды талап етіп, полицияға арызданған.

Полицияға жүгінгендердің арасында қазақстандықтар ғана емес, ТМД-ның басқа елдерінің тұрғындары да бар. Олар 2021 жылдың 23 шілдесінен бастап арызданған.