Қазақстандық драманың сценарийі Азиядағы ірі киножобалар нарығына ұсынылады

«Қазақфильм» киностудиясы «Әбіл» драмасының сценариін Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін Азиядағы ең ірі Asian Project Market киножобалар нарығына ұсынады. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық драманың сценарийі Азиядағы ірі киножобалар нарығына ұсынылады
Сурет «Қазақфильм» киностудиясының ресми сайтынан

Осы жылдың қазан айында фильмнің халықаралық продюсері Анна Вильгельми («Төрт оқиға», режиссері - Эмир Байғазин, «Завтра море», режиссері - Катерина Суворова) ескі өсиеттерден жиналған қазақстандық шопанның оқиғасын әлемдік продюсерлер мен инвесторларға ұсынады. Asian Project Market кинонарығы Пусандағы халықаралық кинофестивальдің аясында өтеді. Бұл маңызды іс-шараға болашағынан зор үміт күттіретін жобалар ғана қатысады.


Еске сала кетейік, аталған жобаның режиссері Елзат Ескендірдің «Өліара» фильмі 2016 жылы Халықаралық Пусан кинофестивалінде үздік қысқаметрлі фильм атанған болатын.