Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Атырау алаяқтарды асырап отыр": Футбол жанкүйерлері стадионда шу шығарды (ВИДЕО)

Ал "Атырау" команадасының жаттықтырушысы футболшылардың соққысының әлсіздігіне карантин кінәлі дейді.

"Атырау алаяқтарды асырап отыр": Футбол жанкүйерлері стадионда шу шығарды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Атырауда футбол жанкүйерлері спорттың бұл түріне бюджеттен бөлінген миллиардтардың шегі де, нәтижесі де жоқ деп шу шығарды. Сырттан келгендердің сылбыр ойынынан шаршадық деген атыраулықтар "Тобыл" мен "Атырау" командасының ойыны кезінде стадионда шу шығарды деп хабарлайды Paryz.kz, 31 телеарнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.  

Жылдар бойы жетістік көре алмай әбден шаршадық деген атыраулық футбол жанкүйерлерінің шыдамы шегіне жеткенін айтады. Олар Қазақстан біріншілігінде "Тобыл" мен "Атырау" командасының ойыны кезінде стадионда шу шығарды. Тіпті, қолдарына "Атырау алаяқтарды асырап отыр" деген үлкен плакат ұстап келіпті. Ардагер жанкүйерлер соңғы жылдары Атырау спортынан түңілдік дейді. Мемлекет қаржысынан миллиардтаған ақша бөлінсе де мүлде нәтиже жоқ. Бұл халықты мазақ ету, қазынаны тонау дейді олар. 

40 жылдан бері жанкүйермін. Атырау футболына қарным ашып тұр. 1 миллиард 200 млн ақша бөлінді. Сол бөлінген ақша далаға кетіп жатыр, – дейді жанкүйер Жалғас Күзембаев. 

Жанкүйерлердің айтуынша, қазір "Атырау" футбол клубын доп теуіп көрмеген өзге өңірден келгендер басқарып отыр. Оған қосы команда құрамы жыл сайын өзгеріп тұрады, бірақ жергілікті спортшыларды командаға қоспайды екен. 

Команданың бәрі легионерлер. Африка, Бразиля, тіпті Белорусьтен келгендер. Атыраулық бірде-бір футболшыны алмайды. Тренер жергілікті спортшыларды қабылдамай, Арменияның ойыншыларымен толтырды, – дейді футбол жанкүйері Боран Мұхамбетжанов. 

Ал жанкүйерлердің алдында жауап беруден қашқан "Атырау" футбол клубының директоры айтылған шағымдармен келіспеді.

Ойын жоқ деп айтып жатыр. Атырауда нәтиже жоқ, команда нашар дейді . Мен мұның барлығымен келіспеймін. Олардың өздері стадионда ойын қарамаған адамдар, – дейді "Атырау" футбол клубының директоры Қонысбай Шпанов. 

Ал "Атырау" команадасының жаттықтырушысы футболшылардың соққысының әлсіздігіне карантин кінәлі дейді. Сөзінше, стадионда жанкүйердің аздығы себеп болуда. Жалпы командадағы 25 ойыншының 15-і шетелдік футболистер. Олардың айлық еңбекақылары 2 миллион теңгеден басталады екен.