Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ізгі амал көрінісі: Оралдық жастар көмекке мұқтаж жандарға көмектесуде

Қайырымдылық айлығына орай Орал қаласындағы жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттері көмекке мұқтаж жандардың үйлеріне барып, қолғабыс жасады.

Ізгі амал көрінісі: Оралдық жастар көмекке мұқтаж жандарға көмектесуде
Фото: Жұбан Мұрат

Студенттер сенбілік ұйымдастырып, егде жандардың үйлерінің іші-сыртын тазартты. Жастардың жәрдемін алған сондай жанның бірі – байырғы қала тұрғыны, ауған  соғысының  ардагері  Камбарким  Башаров. Ол 1979-1981 жылдары ауған жеріндегі әскери ұрыс қимылдарына қатысқан. Студенттер ардагердің үйінің ауласын тазалап, отын-суын алып келуге қолғабыс еткен соң ардагер басынан кешкен оқиғаларды баяндап, студенттерге ризашылық білдірді.

-Қайырымдылық жасау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, сауапты істі атқару – дәстүр сабақтастығы әрі ізгі амал көрінісі. Өзіңдегі бар жақсылықты, бақытты өзгемен шынайы әрі риясыз көңілмен бөлісе алу да қайырылымдылық. Ол материалдық немесе моральдық не қолғабыс түрінде болсын, бастысы шын ниетпен жасалынғаны жөн. Бұл игі іс көмекке мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Айлық аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көмекке мұқтаж көпбалалы жанұяларға жәрдемдесу ойымызда бар,-дейді шараны ұйымдастырушы, аталмыш колледждің оқытушысы Әйгерім Мұхамедиярова.

Жұбан МҰРАТ