Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақтөбеде қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілер мемлекетке 3,5 миллиард теңгеден астам залал келтірген.

Ақтөбеде қылмыстық топ ұсталды
Фото: znamkaluga.ru

Ақтөбеде ұзақ уақыт бойы жалған шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлады Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі

Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу басқармасы «СТОП-Обнал» жедел профилактикалық шаралар шеңберінде ұзақ уақыт бойы нақты жұмыс жасамай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей, жалған шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

"Күдіктінің достары мен туыстары атына тіркеліп, басқа да серіктестіктерге қызмет көрсетілді немесе тауар жеткізілді деген дерекпен 15 кәсіпорынды тіркеуге/қайта тіркеуге қала тұрғынының қатысқаны анықталды. Заңсыз әрекеттердің салдарынан, мемлекетке төленбеген салық мен бюджет төлемдер түрінде 3,5 миллиард теңгеден астам көлемде аса ірі залал келтірген", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.