Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Оралда "Таза орман" акциясы өтті

Оралдағы «Медет» қоғамдық қоры қаладағы мемқұрылымдармен бірлесіп «Таза орман» акциясын ұйымдастырды. Бұл шараға қаламыздың іргесіндегі орман-тоғай тазалығына бейжай қарамайтын еріктілер де қатысты. 

Оралда "Таза орман" акциясы өтті
Фото: Жұбан Мұрат

Тазалық жұмыстары Хан тоғайы, жылу қуат орталығы ауданындағы Перевалочный тоғайы мен Даңқ монументі, 1,2 саяжай қауымдастығы, Саратов күре жолы бойындағы орман алабы аумақтарында жүргізілді. Жасыл желекті аумақтың 31 гектарынан 14 тоннадан астам қоқыс жиналып, қатты зат қалдықтары өңдеуге тапсырылды. 

Мұндай тазалық акцияларын өткізу дәстүрге айналды. Шараға 225 адам қатысты. Әрине, сенбіліктерге қала тұрғындарының белсене атсалысқанын қалаймыз. Бірақ Жер шарының өкпесі саналатын орман-тоғайымызды таза ұстасақ, тазалық жұмыстарын жүргізудің қажеті болмас та еді. Сондықтан еліміздің байлығы жасыл-желек ормандарымызды таза ұстап, отап-бұтарлаудан көздің қарашығындай сақталық, - деді   «Медет» жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» қоғамдық қорының басшысы Амангелді Дәулетжанов.

Жұбан МҰРАТ