Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Алматы облысында шенеунік 33 млн теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды (ВИДЕО)

Шенеунік Уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алматы облысында шенеунік 33 млн теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматы облысы Сарқан ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы 32,9 млн теңге ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Антикор ұстау кезіндегі видеоны жариялады.

Басқарма бастығы Алматы облысы Сарқан ауданы Бақалы, Алмалы, Көкөзек ауылдарындағы үш спорт алаңы құрылысына «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 32,9 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Қазір жемқорлық күдігіне ілінген шенеунік Уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сай тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.