Жыл сайын 9-сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда.
Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов колледждерде білім алу мүмкіндігін тегін қылу жоспарланып жатқанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz.
Колледждерде оқуға ниет білдерген 9-сынып түлектерін 100 пайыз тегін оқумен қамту жоспарлануда. Жыл сайын 9-сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда. Олардың біразы қаржылық қиындықтарына оқуын бітірместен коллдежді тастап кететін жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан жастардың, оның ішінде аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектерін колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалатын болады, – дейді ол.