27.09.2021, 18:22

"Ал, не істейсің?!": Бадамдық ұстаз қауіпсіздік белдігінсіз көлік жүргізіп жүр (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөз

"Түркістан, Сарағаш, Шымкент, Алматы, ременсіз жүрміз ал, не істейсің?!" - дейді Ұлжан.

Мұғалімдік этиканы білмейтін Ұлжан, тіпті жол ережесін де білмейді екен немесе білсе де ережеге бағынбайды. Инстаграм желісінде тікелей эфирде үнемі көлік жүргізіп отырады. Бұл туралы facebook қолданушысы Төребек Сейдуалиев жазды деп хабарлайды Paryz.kz

Тікелей эфирде!!! Қауіпсіздік белбеуін де тақпайды екен. "Түркістан, Сарағаш, Шымкент, Алматы, ременсіз жүрміз ал, не істейсің?! - дейді Ұлжан.

Бадам ауылының светафорлары ол үшін жоқ секілді, қызыл түске тоқтамай ақ өтіп кете береді .

Бұл бассыздықты полиция қызметкерлері елемей көз жұмғаны қалай?

Құдды бір сол ішкі істер қызметкерлерімен бірге жұмыс жасайтын, әрі шенді бір "кришасы" бар секілі... - деп жазды желі қолданушы.