27.09.2021, 15:14

Пермьде адам өлтірген қылмыскер Павлодарда жасырынып келген

фото: ашық дереккөз

Павлодардан бұдан басқа 19 жыл бұрын істі болған 52 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды.

Павлодарда полицейлер жиырма жыл бұрын Ресей Федерациясының Пермь қаласында адам өлтірді деп айыпталған 46 жастағы қашқынды ұстады деп хабарлайды Paryz.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, 2001 жылы ер адам Ресейде бойжеткенді өлтіріп, кейін Павлодар қаласына келген. Ол өзінің тегіндегі бір әріпті әдейі өзгерткен. Қашқын қазір қамауда, – деді Павлодар облыстық ПД басшысының орынбасары Эльдар Әбдікенов.

Қылмыскер тек 2021 жылы «Іздеу» жедел-алдын алу шарасы кезінде табылған.

Павлодардан бұдан басқа 19 жыл бұрын істі болған 52 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды.

Полиция оған қандай айып тағылғанын нақтылаған жоқ.