Ақтауда аппақ киімдегі қыз көшенің қақ ортасында отырған (ВИДЕО)

Желі қолданушылары "видеоға түсіргенше, тоқтап, жағдайын сұрау керек еді", "шашынан сүйрейтін қыз екен" деген сынды пікірлер қалдырды.

Ақтауда аппақ киімдегі қыз көшенің қақ ортасында отырған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ақтау қаласында көлік жүріп жатқан жолдың ортасында отырған қыз видеоға түсіп қалды деп хабарлайды Paryz.kz

Видео 28 шағын ауданның қиылысында 26 қыркүйекте түсірілген. Ол жерден қыздың көлік жүріп жатқан жолдың қақ ортасында отырғанын көруге болады. Желі қолданушылары "видеоға түсіргенше, тоқтап, жағдайын сұрау керек еді", "шашынан сүйрейтін қыз екен" деген сынды пікірлер қалдырды.

inAktau сайтының хабарлауынша, Маңғыстау облыстық Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтаған.

Департамент мәліметіне қарағанда, патрульдік экипаж мүшелеріне қыз кенеттен жағдайы нашарлап кеткенін айтқан. Полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақырды. Қыз облыстық ауруханаға жеткізілді.