Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралда санитарлық-экологиялық айлық басталды

Санитарлық тазалық шаралары 25 қазанға дейін жалғасатын болады.

Оралда санитарлық-экологиялық айлық басталды
Фото: Томирис Сұлтан

Өткен сенбі, 25 қыркүйек күнгі айлықтың алғашқы күніндегі санитарлық тазалық шарасына 2 мыңнан астам тұрғын қатысты. Сенбілікке шыққан мекеме-ұйым қызметкерлері, студенттер «Орал» конструкциясы маңы мен мекемелердің іргелес аумақтарын тазалады. Зашаған кенті аумағындағы Жәңгір хан, Айтқұлов көшелері, Саратов тас жолы, Деркөл-Зашаған айналма трассасы бойынша жалпы саны 500 студент сенбілікке ат салысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.

Жұмысқа барлығы 15 техника жұмылдырылып, қала аумағынан 100-ден аса текше метр күл-қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ осы күні  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы  қызметкерлері Орал қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету ғимараты аумағына 50 дана терек отырғызды.

 Тазалық айлығына кәсіпкерлер де белсене тартылады. Осы ретте қала әкімдігі тарапынан санитарлық тазалық сақтау мақсатында сенбілік жүргізу қажеттігі жөнінде кіші және орташа бизнес субьектілеріне 300 дана хабарлама таратылған.

 

Томирис СҰЛТАН