Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Болашаққа жоспар мақсат қоюдан басталады

«Орал жастары» ресурстық орталығының бастамасымен «Жусан» операциясымен елге оралған әйелдерге арналған «Soft skills» атты семинар тренингі ұйымдастырылды.

Болашаққа жоспар мақсат қоюдан басталады
Фото: Томирис Сұлтан

«Ақниет» орталығында өткен аталмыш іс-шара мақсаты – нәзік жандыларға рухани құндылықтарды дәріптеп, ізгі қасиеттерді үлгі ету.

Басқосудың арнайы қонағы облыстық мәслихат депутаты Шаттық Өтебалиева қатысушыларға рухани дем беретін танымдық ақпараттармен бөлісті. «Бақытты ана – бақытты бала» тақырыбында тренинг жүргізді. Ресурстық орталықтың бөлім басшысы Алма Шапбазкерейқызы орталық жұмысымен таныстырып, көрсетілетін көмектер, бастамаларға  қолдау болатынын жеткізді.

Кездесу барысында аналар өздерінің алдағы мақсаттарымен бөлісіп, бизнес бастауға ниетті екендіктерін білдірдә. Осы орайда курстық оқулар қызықтыратынын айтты. Қатысушылардың сауалдары бойынша  балалардың біліммен қамтылуы, қызығушылығын арттыру, қосымша білім беру ұйымдары туралы ақпарат беріліп, жұмысқа орналасу, бастамаларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы мәліметтер берілді.

  – «Soft skills» семинар-тренингі өмірден өз орнын іздеген жандарға  септігін тигізеріне сенім мол. Болашаққа  нақты жоспар құру мақсат қоюдан басталады. Осы қағида көп нәрсеге жеткізеді. Семинарда біздің жеткізгіміз келгеніміз – осы, – дейді ресурстық орталық өкілі Алма Шапбазкерейқызы.    

Томирис СҰЛТАН