Қорғаныс министрлігі "Сақ қорғаны" майдан шебінде танк маневрлерін көрсетті (ВИДЕО)

Алдын ала дайындалған тунелдермен жылжып келе жатқан оқ ату тобы "жау" қапталдарын қоршап алып, жойды.

Қазақстан әскері әскерлердің барлық түрінің жауынгерлік дайындығы мен өзара іс-қимылын тексеруге арналған оқу-жаттығуларды жалғастырып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz

Жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Отпантауда" болды. Әскерилер бас қолбасшыға техниканың барлық мүмкіндігі мен сарбаздардың қабілетін, танк құрамалары соғыс қимылдарын жүргізуге арналған ерекше тәсілдерді көрсетті. Мысалы, жауынгерлік бөлімшелерді пайдалану кезінде жерасты коммуникациялары қолданылды. Алдын ала дайындалған тунелдермен жылжып келе жатқан оқ ату тобы "жау" қапталдарын қоршап алып, жойды.

Ауыр әскери техника фортификациялық коммуникацияны пайдалана отырып "ұрысқа" кірісті. Танкистер "Сақ қорғаны" майдан шебінен және "Үңгір-шоқпар" қапталынан оқ атудағы тактикалық әдістерді жетілдіріп жатыр.