Орал қалалық жастар ресурстық орталығы мамандары шаһардағы жоғары агротехникалық колледж студенттерімен кездесті.
Шара барысында орталық жетекшісі Сымбат Қыпшақбай адамның жастық шағы тек қызық пен қуаныштан тұрмайтынын айтты. Осы кезде албырт қылық пен қате қадамдар да көрініс табады. Сондай олқылықтың бірі - олардың дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына түсуі. Соған орай орталықтың теолог маманы Әсет Раманқұлов студенттерге қастерлі тәуелсіздігіміздің мәнін ұғынуға, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуына атсалысуға шақырды.
-Жастар дін мәселесінде сақ болып, адамгершілік нормалар мен заңдылықтарды ұстанып, саналы әрекет етулері тиіс. Өз тарихын білу, тіл мен мәдениетті дамыту, өз халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу, отбасы институтын нығайту жастар алдындағы басты міндеті болып табылады,-деді ол.
Жұбан МҰРАТ