Нұр-Сұлтанда бұзақы полиция ғимаратының терезесінен қашпақ болған (ВИДЕО)

32 жастағы ер адам бұзақылық жасағаны үшін ұсталған.

Нұр-Сұлтанда бұзақы полиция ғимаратының терезесінен қашпақ болған (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтан қаласының 32 жастағы тұрғыны полиция ғимаратынан екінші қабаттағы терезе арқылы қашпақ болған деп хабарлайды Paryz.kz

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрлардан ер адам Есіл ауданының полиция бөлімі ғимараты терезесінде тұрғанын көруге болады. Оның қолынан форма киген қызметкер ұстап тұр.

Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің баспасөз қызметі оқиға 22 қыркүйекте болғанын мәлім етті. 32 жастағы ер адам бұзақылық жасағаны үшін ұсталған. Ол полиция ғимаратынан терезе арқылы шығып кетуге тырысқан.

Оның әрекетіне қызметкер бөгет болды, бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, - деді полиция өкілдері.