Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы қыз үйсіз-күйсіз жігітпен бірге қашып кеткен

9-сынып оқушысын 20 қыркүйектен бері қарай іздеп келген.

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы қыз үйсіз-күйсіз жігітпен бірге қашып кеткен
фото: дереккөз

Ақмола облысында баспанасыз адаммен қашып кеткен 15 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Paryz.kz, Полиция департаментіне сілтеме жасап.

9-сынып оқушысын 20 қыркүйектен бері қарай іздеп келген. Ол күндіз үйінен шығып, жоғалып кеткен. 

Полиция К. есімді жоғалған қыз нақты тұрғылықты мекен жайы жоқ (қаңғыбас) адаммен Мамедов Наурызбай Асылбекұлымен бірге болуы мүмкін екендігін анықтаған. 

22 қыркүйек күні сағат 21:30-да жедел-іздестіру іс-шаралары барысында хабар-ошарсыз кеткен К.-ның орналасқан жері анықталды. Қазіргі уақытта қыз ата-анасына берілді. Жасөспірімге қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалып-жасалмағанына қатысты тексеру жүргізілуде", – деп хабарлады ПД.