Орал қалалық кітапханалар жүйесінің №16 кітапхана-филиалында жергілікті танымал ақын, ғалым-ұстаз Талап Таймасұлымен онлайн кездесу кеші өтті.
«Ақынмен сыр-сұхбат» атты іс-шарада ақынның өмір жолы баяндалып, бейнебаян көрсетілді. Ақын Қаратөбе ауданының Ақбақай өңірінде бес жасынан домбыра тартып, ән салып, табиғат тылсымымен тілдесіп, өнерге жақын өскенін әңгімеледі.
-Сондықтан шығар, Талап Таймасұлының өлеңдері оқырманын бейжай қалдырған емес. Оның туындылары махаббат, өмір шындығы, уақыт, табиғат, адами болмыс, туған жер сынды сан-алуан тақырыпты қамтиды. Ақын кеш барысында оқырмандар қойған сауалдарға жауап беріп, мәнді, мазмұнды ойларымен бөлісті. Ал кеш қатысушылары болса, Талап Таймасұлына жыр шумақтары таусылмауын, оқырмандарының ыстық ықыласына бөлене беруін тіледі,-дейді аталмыш кітапхананың қызметкері Ж. Адаялиева.
Жұбан МҰРАТ