Жақында Орал қаласында дәл осындай атаумен ережесіз жекпе-жекті үйрететін спорт зал ашылды. Оның ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысты.
Кешеннің құрылысына Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясының президенті меценаттық танытып, 20 миллион теңге қаражат жұмсаған. Ережесіз жекпе-жек (Mixed Martial Arts) спортшылары бұрынғыдай тар жерде емес, енді толық жабдықталған 500 шаршы метрлік залда жаттығады.
Шаһар басшысы кешеннің ашылуы бұқаралық спорттың дамуына тың серпін беретінін айтты. Жастарды жаңа жеңістерге жетелейді. Бұл жерде жаттығатын арнайы жабдықтары, октагон (сегіз бұрышты ринг) бар. Спортпен айналысамын деген адамға барлық жағдай жасалған.
Спорт залдың ашылу салтанатына UFC майталмандары Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов арнайы келіп қатысты.
Жұбан МҰРАТ