Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

СҚО-дағы тау-кен комбинатындағы аштық: үш адам ауруханаға түсті (ВИДЕО)

Аштықтың себебі — комбинаттың ұжымы, міне, екі айдан бері жалақы алмаған. Жұмысшылар ресейлік акционерлер зауытты сатып алып, оны Қытайдың басқаруына қайта сатпақшы деген сенімде.

СҚО-дағы тау-кен комбинатындағы аштық: үш адам ауруханаға түсті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Солтүстік Қазақстан облысындағы Обухов тау-кен байыту комбинатының бір қызметкері 24 тәулік бойы нәр татқан жоқ деп хабарлайды Paryz.kzExpress Qazaqstan-ға сілтеме жасап. 

Бұған дейін хабарланғандай, комбинаттың төрт қызметкері аштық жариялаған. Бірақ осы күнге дейін араларындағы жалғыз адам — қауіпсіздік қызметіндегі Абзал Ибрагимов қана беріспей отыр.

Express Qazaqstan тілшісіне сұхбат берген Абзал қалған үш әріптесі, дәлірек айтсақ, Екатерина, Болат және Виктордың ауруханаға түскенін айтып берді.

Екі күн бұрын, тамыздың 20-сы күні Екатерина мен Болат ауруханаға түсті. Жедел жәрдем үш сағат бойы шақыруға келмеген соң, оларды ауруханаға жекеменшік көлік жеткізді. Жағдайлары нашарлап кетсе де, жедел жәрдем келген жоқ, - дейді Абзал.

Оның айтуынша, сол күні таңғы сағат 10.00 шамасында Екатерина да, Болат та әлсіреп, құлаған.

Әуел баста әріптестері ол екеуін Солтүстік-Қазақстан облысындағы ауруханаға апармақ болған. Алайда Ақмола облысына қарай бет алып, алдарынан жедел-жәрдем күтіп алған.

Дәрігерлермен сөйлескен медбике менің көзімше екі адамның жағдайы өте мүшкіл екенін айтты. Екатерина мүлде жүре алмай қалды. Төсектен тұрып, екі аттаған соң, талып түсті. Екеуін де әріптестері жекеменшік көлікке салып, Көкшетауға әкетті. Оларды қала сыртынан жедел жәрдем күтіп алған, — дейді Абзал.

Абзалдың айтуынша, екі әріптесі қатты әлсіреген. Дәрігерлер аштық жариялауға тыйым салған. Ауруханадан шыққан олар қазір жақындарының жанында, дәрі қабылдап жатыр.

Ал Викторды дәрігерлер кеше алып кетті. Яғни үшеуі аштықты тоқтатты. Өзім жалғыз қалдым. Міне, 24-күн. Жағдайым қалай дейсіз бе? Қатты әлсіредім, көзім қарауытып, арқам ауырады. Буындарым босаған. Төсектен тұрсам, басым айналып кетеді, сондықтан алысқа бара алмаймын. Егер мені де ауруханаға әкетсе... Бірақ бұның бәрі бекер болған жоқ деп үміттенемін. Комбинаттың 400 қызметкері бізді қолдауға дайын отыр. Көп ұзамай мен де ауруханаға түсетінімді сезіп отырмын. Бірақ биліктен мүлде хабар жоқ, — дейді Абзал.

Аштықтың себебі — комбинаттың ұжымы, міне, екі айдан бері жалақы алмаған. Жұмысшылар ресейлік акционерлер зауытты сатып алып, оны Қытайдың басқаруына қайта сатпақшы деген сенімде.

Айта кетейік, Абзал небары 22 жаста. Ол комбинаттың аумағындағы ауылда аштық жариялап отыр. Олардың бұл наразылық акциясын онлайн форматта қарап отыруға болады.