Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Түркістан облысында ауыл тұрғындары әкімге арықтың суын ішкізіп көрді

Шенеунік суды амалсыздан ішіп, өзі де осындай жағдайда екенін айтты. Ол сондай-ақ жақында су мәселесі шешіледі деп сендірді.

Түркістан облысында ауыл тұрғындары әкімге арықтың суын ішкізіп көрді
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысындағы Алпамыс батыр ауылының тұрғындары ауызсуды күтуден үміті үзіліп, әкімге суармалы арықтан су берді деп хабарлайды Paryz.kzКТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті арық - тұрғындардың жалғыз су көзі. Ол Өзбекстаннан ағып келіп жатыр. Адамдар қорықса да, суды ішуге мәжбүр. Көбісінің таза ауызсуды сатып алуға жағдайы келмейді.

Бұл арықта қаншама ит-құс өлді. Қанша қоқыс жатыр! Ішінде неше микроб бар десеңізші. Ал біз оны ішіп отырмыз. Балаларымызда ішек паразиті пайда болған, – деді Мөлдір Сатыбай.

Адамдар күнделікті не ішіп жүргендерін көрсету үшін жергілікті әкімге бір шелек су әкеліп берді. Шенеунік суды амалсыздан ішіп, өзі де осындай жағдайда екенін айтты. Ол сондай-ақ жақында су мәселесі шешіледі деп сендірді. Әкімнің айтуынша, қазір жаңа ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін үйлер таза сумен қамтамасыз етіледі. Бірақ адамдар бұған сенбейді. Олардың айтуынша, шенеуніктердің өзі жаңа құдыққа үміт артудың қажеті жоқ екенін бұрын айтқан. Ол жерде су жоқ.

Олар су шықпайтынын біліп тұрып, қазып жатыр. Неге қазуды тоқтапайды десек, «бөлінген қаржыны игеруіміз керек» деп қана жауап береді. Иә, олар осылай деп жауап берді. Бірақ бұл ақшаны ысырап ету ғой! Оны ашық айтып отыр! – деді Гаухар Жораева.

Ауылдағы ауызсу мәселесін шешуге 893 млн теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл ақшаға олар құдық бұрғылап, 25 шақырым құбыр салып, ал ауыл тұрғындарының мәселені біржолатаға шешпек.

Енді құдық шамамен 55-70 метр тереңдікте қазылды, әрі қарай тереңдей береді. Су міндетті түрде болады! Құдық су ағып кеткенше кез келген тереңдікке бұрғыланады, – деді Алпамыс ауылдық округінің әкімі Ерлан Әділханов.

Еске салсақ, осыдан 11 жыл бұрын шенеуніктер дәл сол жерден су шығаруға ниеттенген. Ол кезде шамамен 100 млн теңге жұмсалған. Бірақ жерден тамшы су да шықпаған.