Елордада жылу беріле бастады

Қалада жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура +10 градус (және одан төмен) 5 күн бойы сақталған кезде толығымен басталады.

Елордада жылу беріле бастады
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосыла бастады деп хабарлайды Paryz.kz, елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өтінім бойынша әлеуметтік нысандар – медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. жылытуға қосыла бастады, әлеуметтік нысандардың дайындығы 100%-ды құрайды. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен әкімдікте жылыту маусымы бойынша кеңес өтті.

Қалада жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура +10 градус (және одан төмен) 5 күн бойы сақталған кезде толығымен басталады. Дегенмен тұтынушылардың өтінімі бойынша жылу беруге қаланың әлеуметтік нысандары қосыла бастады. Бұдан басқа жаңа нысандарды жылытуға қосу көздері анықталды, қуаттарды тексеру жүргізілуде.

Белгілі болғандай, 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымы Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйектен басталады.

Сондай-ақ елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар анықталды. Дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін қоймаларда жеткілікті көлемде отын бар.