Оралда велошабандоздар сайысы өтті

Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен велоспорттан «Jaiyq Bike Fest» атты жарыс өтті.

Оралда велошабандоздар сайысы өтті
Фото: Жұбан Мұрат

Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлініп, бақ сынады. 19-35 жас аралығындағы спортшылардан құралған «әуесқойлар» тобында ерлер арасында жүлделі І орынды Бауыржан Демесінов жеңіп алса, ІІ орынды Рустам Алмағамбетов иеленді. ІІІ орынды Ернар Ғайсин еншіледі. Ал, әйелдер арасында І орын Мария Тимофееваға берілсе, ІІ орын Марина Гальярдтқа бұйырды.

Екінші топта 36-45 жас аралығындағы «әуесқойлар» сынға түсті. Нәтижесінде ерлер арасында І орынды Николай Журавлев иеленіп, ІІ орын Валентин Размазинге, ал ІІІ орын Фархат Сәрсенғалиевке тиесілі болды. Осы топтағы әйелдер арасында І орынға Светлана Машенова лайық деп танылса, ІІ орын Ирина Смирноваға берілді.

«Ардагерлер» тобында 45 және одан жоғары жастағы велосипедшілер бой көрсетті. Бұл топтағы ерлер арасында І орынды Александр Туркот алса, ІІ орын Виталий Мазуренкоға берілді. Дмитрий Старков ІІІ орынға табан тіреді. Әйелдер арасында І орынды Нұрсұлу Қалиева, ІІ орынды Лидия Беляева иеленді.

15-18 жас арасындағы жасөспірімдер арасында І орын Михаил Осиповқа бұйырды. ІІ орынды Александр Акимов алса, ІІІ орынды Александр Зеленцов иеленді. Қыздар арасында І орынды Зарина Сатханова, ІІ орынды Екатерина Балалаева жеңіп алды.

Мұрат ЖҰБАН