Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралдағы колледж жатақханаларына мониторинг жүргізілді

Оралда жастарды қолдаумен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдері  колледждердің жатақханаларына барып, ондағы санитарлық талаптардың сақталуына, студенттердің орналасуына байланысты мониторинг жүргізді.

Оралдағы колледж жатақханаларына мониторинг жүргізілді
Фото: Жұбан Мұрат

Рейдтік шара Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінен басталды. Оқу орнының 314 орындық жатақханасында қазіргі таңда 294 студент орналасқан. Жатақханада студенттерге толық жағдай жасалған, сонымен қатар бақылау камералары жұмыс жасайтынына тексеру тобы куә болды.

А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің жатақхансының салынғанына жарты ғасыр болған екен. Ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Оқу орны басшылығы жөндеу жұмыстары жоспарда тұрғанын мәлімдеді. Жалпы мұнда да санитарлық талап сақталуда, студенттер үшін тиісті жағдай жасалған.

Рейдтер сондай-ақ өзге де колледждерде өтті. Бәрінде санитарлық талаптар сақталатыны, студенттерге барынша жағдай жасалғаны белгілі болды. Мониторингтік топпен кейбір жатақханаларға студент жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған кабинеттер жасақтау, жатахана кіре берісіне арнайы турникеттер орналастыру туралы ұсыныстары колледж басшылары тарапынан қолдау тапты.

 

Жұбан МҰРАТ