Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Сарқынды суларды пайдаға асыруға болады

Бүгінгі таңда өркениетті елдерде суды үнемдеу мақсатында сарқынды суды тазалап, техникалық суға айналдыру технологиялары кеңінен қолданылатыны белгілі. Су шаруашылығындағы жаңа технология Орал қаласында да енгізілуі мүмкін.

Сарқынды суларды пайдаға асыруға болады
Фото: Жұбан Мұрат

«Батыс су арнасы» ЖШС-ға елордалық бір компаниядан осы бағытта ұсыныс түскен. Қанатқақты жоба аясында жақын күндері Оралға осындай технологиялық бір жабдық жеткізіледі. Жабдықты жеткізуші оны сынақтан өткізуге қарсы емес. Сынақ жақсы өткен жағдайда, «Батыс су арнасы» оны сатып алып, орнатады.

Бұл жаңа технология таза ауыз суға емес, техникалық су өндірісіне пайдаланылады. Техникалық суды бақшаны суаруға, көлік жууға, технологиялық мақсаттарға жұмсауға болады.

-Бір кездері техникалық су  керек деген кәсіпорындарға қатынас хат жібердік. Мысалға, «Кублей» зауытында өндірістік мақсатта техникалық емес, ауыз суды пайдаланып отыр. Бүгінде кәріз суын  техникалық суға айналдыратын технология  көп. Алдағы уақықтта осы бағыттада жүйелі жұмыстанатын боламыз,- деді аталмыш  серіктестіктің  бас  директоры  Әнуар  Аркенов.

Жұбан МҰРАТ