Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралда қоқыстан биогаз өндіру қолға алынбақ

Қала бойынша қойылған 740 контейнер алаңдарында 3100 контейнер орналасқан. Биыл бөлек жинауға арналған 600 жаңа қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған еуроконтейнер орнатылды.

Оралда қоқыстан биогаз өндіру қолға алынбақ
Фото: Томирис Сұлтан

Қала тазалығын қамтамасыз етуші компаниялар биыл жаңа 14 техника алды.

Қазіргі таңда «Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму үшін полигонды рекультивациялау» нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. ҚТҚ полигонын рекультивациялаудың қолданыстағы жобалау–сметалық құжаттамасына топографиялық түсірілім, экологиялық сараптама бөлімі толық дайын.

«ІСМ Recycling» ЖШС басқарушы компаниясы бірінші кезеңде өндірістік қуаты жылына 100 мың тоннаға дейін, жыл сайын полигонға 70 мың тоннаға дейін қоқыс шығару кезінде қоқысты сұрыптау желісін іске қосқан болатын. Алдағы уақытта қоқысты қайта өңдеу және биогаз өндіру жоспарланып отыр.

Томирис СҰЛТАН