Қоғам белсендісі қоршаған ортаны қорғауға үндейтін пикет өткізді

Белгілі қоғам белсендісі Әсем Омар қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғауға аудару мақсатында «Аяла- Аяма» атты пикет өткізді.

Қоғам белсендісі қоршаған ортаны қорғауға үндейтін пикет өткізді
сурет Әсем Омардың парақшасынан

Экологтың пікірінше бір әріптің өзі әлемді өзгерте алады.

«Суы қызғылт түсті Көбейтұзда көліктің ізін қалдырып, тұзды қазып алғаннан кейін шұңқыр боп қалды. Бұл қайғылы жағдай. Бәлкім біз тұтас әлемді өзгерте алмайтын шығармыз, бірақ экологиялық мәдениет, экологиялық білімді көтеруді және тұрғандарымыз бен жақындарымыздың тәрбиесін өзімізден бастай аламыз»,- дейді Әсем Омар.

Пикет өткізу арқылы экобелсенді халықты табиғатты аялауға шақырды.

«Бүгін - білім күні. Табиғатқа мейірімділік таныту мен оны қорғау манызды. Бұнымен тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да айналысуы керек», - деді белсенді.