Карантин: Дөкейлер маскасыз той тойлап жүр (ФОТО)

Кадр жақында жасалғаны анық. Мұны суретке даяшының медициналық маскамен түскендігі дәлелдейді.

Карантин: Дөкейлер маскасыз той тойлап жүр (ФОТО)
фото: ашық дереккөз

Желіде елордада өткен салтанаттың бейнежазбалары пайда болды. Суреттерде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, Бекболат Тілеухан және тағы бірнеше шенеунік бейнеленген деп хабарлайды Paryz.kzLiter.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен қаласының әкімі Астанаға келіп, біз осы карантиндік шаралардың бәрінен есіміз шығып жатқанда, тойға барады. Пандемияның салдарын жоюға тікелей жауапты адам барлық шараларды бұзады. Диверсияға өте ұқсас, – деп жазады Facebook қолданушысы Насима Қорғанбекова.

Басқа суреттерден ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мен Talim TV телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабекті көруге болады. Кадр жақында жасалғаны анық. Мұны суретке даяшының медициналық маскамен түскендігі дәлелдейді.