Ақын Рафаэл Ниязбек өмірден озды

Қаралы қазаны Қазақстан Жазушылар одағы растап отыр.

Ақын Рафаэл Ниязбек өмірден озды
фото: ашық дереккөз

Қазақтың белгілі ақыны, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэл Ниязбек өмірден өтті деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растап отыр.

Ақын 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 

1967 жылы Қазақ радиосы әдебиет редакциясына қызмет істеген  1971-1977 жылдары "Жұлдыз" журналында, 1977-1991 жылдары "Жазушы" баспасында редактор болып істеген.  1972 жылы сыншылардың Бүкілодақтық кеңесіне қатысқан. Қазақстан Жазушылар одағының Iлияс Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері. Шешенстан Республикасы Жоғарғы мемлекеттік "Ұлт намысы" орденінің иегері. Шешенстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының бірінші жүлдегері.

«Қаратау мен Алатау», «Темірқазық», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Биіктей бер, тауларым», «Жетіген», «Тамұқ отына жанбаған», «Шешендер», «Ичкерия» атты жыр кітаптары жарық көрді.