Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Дамудың тұрақты жолына түскен кәсіпорын

Оралда «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ деген мекеме бар. 500-дей адамды жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде дамудың тұрақты жолына түскен кәсіпорын құрамына элеватор, диірмен зауыты, 3 макарон фабрикасы кіреді. Макарон фабрикасында қысқа, ұзын туралған макаронның 20-дан астам түрі шығарылды.

Дамудың тұрақты жолына түскен кәсіпорын
Фото: Жұбан Мұрат

Комбинат Желаев элеваторы ретінде 1978 жылы пайдалануға берілді.  Он жылдан кейін кәсіпорын жанынан бидай тартатын диырмен салынып, атауы Желаев астық өнімдері комбинаты болып өзгерді.  Мұнда астық дайындау, өндірістік элеваторларға жүк түсіру жұмыстары толық механикаландырылған. Диірменде тәулігіне 500 тонна дән тартылады. Жоғары, бірінші, екінші сұрыпты ұн өндіріледі.

-Кәсіпорынның өндірістік-технологиялық зертханасы халықаралық стандарттарға сай аккредиттелген. 2014 жылдан бастап акционерлік қоғамның қазақстандық құрылтайшыларының қатарын ресейлік «Мартин» ірі агрохолдингі толықтырды. Құрылтайшылар комбинаттың дамуына жіті көңіл бөлуде. Биыл ұн тартатын зауыт жанынан жаңа ұн қаптау цехы ашылды. Тұтынушылардың сұранысына орай ұнды бұрынғыдай  тек 50 келілік қапшықпен емес, бір, екі, бес, он келілік қаптамаларда шығаруда. Біздің өнімдеріміз өз өңірімізге, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Атырау облыстарына және Ресей Федерациясына, Арменияға, Беларуссияға шығарылады,- деді «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ-ның директоры Алмагүл Хамитова.

Жұбан МҰРАТ