Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралда стадион мен жазғы алаң ашылды

Орал қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және «Қала күні» мерекесіне орай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде стадион кешені мен жазғы алаңдар салтанатты түрде ашылды. Спорттық нысандардың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров қатысты. 

Оралда стадион мен жазғы алаң ашылды
Фото: Томирис Сұлтан

Алдымен келген қонақтар тренажерлық құрылғылар қойылған ашық аспан астындағы жазғы алаңдарды аралады. Жәңгір хан университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов келген қонақтарды білім алушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, дене шынықтыру және спорт бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған жұмыстармен, студенттердің спорттағы жетістіктерімен таныстырды.

Бұдан әрі заманауи тұрғыда жабдықталған стадион кешені жанына жиналған меймандар, қала тұрғындары, университет оқытушылары мен білім алушылары салтанатты іс-шараның куәсі болды. Жаңа стадионның лентасын қию рәсімі облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов пен университет ректоры А.Наметовке берілді.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы университетте стадион мен спорт алаңдарының ашылуы оқу орны басшылығының, құрылтайшылардың студенттерге деген үлкен сыйы екенін атады. Сонымен қатар өңірімізде спорт саласын дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ Жәңгір хан университеті жастарының ғылым мен спорттағы жетістіктері көбейе түсуіне тілектестігін білдірді.

Университет ректоры Асқар Наметов студенттердің дене шынықтыру және спорт бойынша дағдыларын жетілдіруге бағытталған жұмыстармен таныстырды.

  – Ел азаматын дайындау үшін университеттің алдына қойған басты стратегиясы – тәрбие беру, мәдениеттілікке баулу. Бұл жағдайда салауатты өмір сүруге дағдыланудың маңызы жоғары. Жоспардың іске асуы  үшін инфрақұрлымды құру басты назарымызда болды. Екі жылдың ішінде  осы жоспарымыз орындалды, спорттық кешен, стадион, workout жазғы алаңдарын 13  аумаққа орналастырдық. Соның арқасында мұғалімдер мен студенттеріміз үшін жаттығумен айналысып, салауатты өмір салтыну ұстануына жағдай жасаудамыз. Жаттығуларын үзбей жүргізген білім алушыларымыз спортта жақсы нәтиже көрсетіп келеді,   – деді Асқар Наметов.

Жәңгір хан университетінде қазіргі уақытта 18 спорттық клуб жұмыс жасайды. Жыл сайын салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жастар мен қызметкерлердің қызығушылықтары бойынша  2300 ден астам адамды спортқа баулуды жолға қойса, аталған үйірмелерде көк туымызды әлем аренасында желбіретіп жүрген  ұлттық құрама мүшелері болып табылатын білім алушылар жаттығу жасайды. Атап айтқанда, Қырғызстанда өткен  Нарын халықаралық турнирінің I орын иегері, Қазақстан Республикасы чемпионатының 1 орын иегері Анастасия Панасович,  самбо күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатының І орын жеңімпазы, жауынгерлік самбо бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері Әділбек Сейсов, Жастар арасында қол күресінен Әлем чемпионы, ҚР кубогі иегері Ержан Ерболат сынды оқу мен спортты қатар алып жүргендер бар.

Томирис СҰЛТАН