Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мектептерде ЛГБТ құқықтары туралы сабақтар жүріп жатқаны рас па?

Бұл туралы желіде өзін 8-сынып оқушыларының бірінің анасымын деп таныстырған әйел жазған.

Мектептерде ЛГБТ құқықтары туралы сабақтар жүріп жатқаны рас па?
фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орыс тілі сабағында оқушыларға ЛГБТ-қоғамдастық өкілдерінің құқықтары туралы айтылып жатқаны жөнінде хабарлама таратуда. Бұл ақпаратты еліміздің Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды деп хабарлайды Paryz.kz, stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде тараған хабарламада Өскемен мектептерінің бірінде ЛГБТ-қоғамдастық өкілдерінің құқықтары туралы сабақ өткізілгендігі айтылған. Бұл туралы желіде өзін 8-сынып оқушыларының бірінің анасымын деп таныстырған әйел жазған.

БҒМ хабарлауынша, аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, әйелдің сөздері шындыққа жанаспайтыны анықталған.

8-сынып оқушысы ата-анасының әлеуметтік желілердегі орыс тілі сабақтарын өткізу туралы хабарламасы бойынша ШҚО Білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Оқу материалының мазмұны "Отбасы: құқықтары мен міндеттері" бөліміне сәйкес іріктелді. Орыс тілінен осы сабақтың мазмұнына ЛГБТ қауымдастықтары өкілдерінің құқықтары кірмейді. Ата-ана ұсынған ақпарат шындыққа жанаспайды, – делінген ведомство жауабында.