Қапшағай маңында болған жарылыс жұртты дүрліктірді (ВИДЕО)

Зардап шеккендер жоқ.

Қапшағай маңында болған жарылыс жұртты дүрліктірді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Қапшағай маңындағы жарылыстың видеосы жарияланды. Тұрғындар түсірген видеодан аспанға көтерілген қою түтінді көруге болады деп хабарлайды Paryz.kzSputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Желі қолданушылары алаңдаушылық тудырып, бұл ауданда әскери бөлімдер бар екенін жарыса жазды. Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бұл қиыршық тас өңделетін кен орнында жүргізілген жоспарлы жарылыс екенін хабарлады.

"Бұл қиыршық тас өңделетін карьер аумағындағы жоспарлы жарылыс. Зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Азамат Жұртбаев агенттік тілшісіне.

Оның айтуынша, кен орны Қапшағай қаласының маңында орналасқан. Жоспарлы жарылыс жүргізілетіні жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланады.