Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бекболат Тілеухан: Мектепте хиджап кигізбеу – Конституцияға қарсы (ВИДЕО)

"Егер демократияшыл болсақ, өзінің құқын – басындағы орамалын сұрап жатқандарға да демократиямен қара..."

Бекболат Тілеухан: Мектепте хиджап кигізбеу – Конституцияға қарсы (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Жаңа оқу жылы басталып, карантиннен соң балалар мектепке қайта аяқ басқанда мектеп формасы төңірегінде мәселелер қайта көтеріліп жатыр. Кей ата-аналар министрліктен қыздарына хиджап кигізуге рұқсат беріп хат та жазуда. Алайда Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 26-бұйрығына сәйкес, бірыңғай форма болуы тиіс. Осы жағдайға байланысты Мәжіліс депутаты Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында уәж айтқан деп хабарлайды Paryz.kz

Егер демократияшыл болсақ, өзінің құқын – басындағы орамалын сұрап жатқандарға да демократиямен қара. Оған келгенде ешкім демократияшыл емес. Қоғамға өте қауіпті деп біледі. Берген Бұйрығы Конституцияға қайшы, - дейді Тілеухан.

Журналистің «Білім министрінің мектепке бала хиджап кимеуі тиіс екендігі туралы Бұйрығы Конституацияға қайшы ма?» деген сауалына «Осы нәрсе Конституцияның 14 бабына қайшы» деп нақтылайды.

Айта кетейік, Конституцияның 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған.

Сол демократияшылдар ЛГБТ, феминизмге келгенде бәрін түсіне қалады. Ал мынаған келгенде (орамал, хиджап-авт.) түсінбейді. Қай жерде ұлтқа зиянды нәрсе бар, сол жерде жүреді. Баланың құқығын қорғау туралы заң қабылдадық. Кімнен қорғайды? Әкесі мен шешесінен. Баланың құқын бұздың деп ата-анасынан тартып ала салады. Сыртқы күштердің осындай ықпалына қарсы тұруға қауқар жоқ. Қабылдамасаң, әлемдік ұйымдардың бәлесіне қаласың, - деп пікір білдірген депутат.