"Әйелің көңілдесіңді біліп алады": Шымкенттің бас дәрігері ерлер қауымын вакцина алуға шақырды

Кейін бас дәрігер жазбасын өшіріп тастаған...

"Әйелің көңілдесіңді біліп алады": Шымкенттің бас дәрігері ерлер қауымын вакцина алуға шақырды
фото: okg.kz

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов ер адамдарды ерекше жолмен коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды деп хабарлайды Paryz.kzvera.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті сайттың жазуынша, Шымкенттің бас дәрігері күні кеше әлеуметтік желіде ер адамдар үшін әзіл аралас жазба жариялап, коронавирусқа қарсы вакцина алудың маңыздылығын түсіндірген.

Сізді жансақтау бөліміне жатқызған кезде заттарыңыз бен телефоныңызды әйеліңізге беретінімізді ұмытпаңыз. Ол сіздің барлық көңілдесіңізді біліп алады. Сондықтан "ұсталып" қалмас үшін вакцина алыңыз", - деп жазды Бақытжан Позилов желідегі парақшасында.

Кейін бас дәрігер жазбасын өшіріп тастаған. Алайда жазбаның скриншоты әлеуметтік желілерде тарап үлгерген.