Сөйтсе, әкімдері отставкаға кеткен екен.
Талғар қаласы тұрғындары әкімдерінің орнында жоқ болуы және осыған қатысты қандай да бір ескерту хабарлама ала алмағандарына ашулы деп хабарлайды Paryz.kz.
Тұрғындардың наразылық хаты instagram-дағы public novosti_issyka парақшасында жарияланды.
Біз бұл мәселені бекерден-бекер көтеріп отырған жоқпыз. Кеше "Талғар қаласының әкімі қайда" деп сұрадық. Сөйтсек оның 1 қыркүйектен бері орнында жоқ екені белгілі болды! 50 мыңнан астам халқы бар үлкен қала бұл туралы білмейді! Неге олай болады? Қала тұрғындары мұны білуге құқылы емес пе? Адамдарға деген ешқандай құрмет жоқ! - деп шағымданады қала тұрғындары.
Осы жазбадан кейін Талғар әкімдігі тұрғындарға ресми түрде жауап беріпті. Сөйтсе, әкімдері отставкаға кеткен екен.
Айдар Нұрмұханбеттің өз өтініші бойынша жұмыстан босатылуына байланысты 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Серік Дүмшібаев Талғар қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарады. Қазіргі уақытта Серік Дүмшібаев денсаулығына байланысты еңбек демалысында. Осыған байланысты 2021 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Талғар қаласы әкімінің міндетін уақытша атқару Мәден Бақтыбаевқа жүктелді, - делінген хабарламада.