Ұлттық мәдениетке құрмет зор

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қаласы күні мерекесіне орай Оралда аймақтық V «JAIYQ SAZY» дәстүрлі өнер фестивалі өтті.

Ұлттық мәдениетке құрмет зор
Фото: Жұбан Мұрат

Жайық өзенінің жағасында өткен әдемі кеште қала әкімі Абат Шыныбеков жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, бұл шара дәстүрлі ән, күй өнерлерін насихаттау арқылы ұлттық мәдениетке деген құрметті қалыптастыруды мақсат тұтатынын жеткізді.  

Фестивальде  дәстүрлі өнері дәріптеп, тек елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде де қазақ әуенін көне аспаптарда асқан шеберлікпен орындап жүрген фольклорлық ұжымдар мен жеке орындаушылар өнер көрсетті. Олардың қатарында республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Асқар Кенжеғалиев, ҚР мәдениет саласының үздігі, әнші Майра Хайдарова, республикалық, халықаралық жыршы-термешілер байқауларының лауреаты Фархат Оразов, ҚР мәдениет саласының үздігі, әнші-термеші Қайрат Кәкімов сынды өнерпаздар болды.

Жұбан МҰРАТ