Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралда 3793 азамат мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды

Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков 16  қыркүйек күні Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы берген есебінде айтты.

Оралда 3793 азамат мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды
Фото: Томирис Сұлтан

– Қала кейінгі он жылда екі есе өсті. Қазір 350 мыңға жуық адам тұрады, олар аудан, ауылдардан көшіп келді. Біз олардың барлығын жұмыспен қамтамасыз етуіміз керек. Биылғы жылдың 8 айында қала бойынша жұмысқа орналасу мәселесімен 7 689 адам жолығып, оның 2 142 жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш берді және 3 793 адам мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. Соның ішінде 1535 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 277 адам жастар практикасына, 1 383 адам қоғамдық жұмыстарға, 70 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 303 адам «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолданған. 174 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берілді, – деді Абат Абайұлы.

 «Еңбек «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 22 адам несие алған. Олар жүк тасымалдау, арнайы техника сатып алу, азық-түлік дүкені, халал кафе, мерекелік безендіру, ағаш өңдеу бағыттарында өз істерін ашты.

Сондай-ақ  Оралда жалпы құны 17,4 миллиард теңге болатын 42 жоба жүзеге асырылуда. Бұл 924 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Олардың ішінде жиһаз фабрикасының құрылысы, сүт зауытының құрылысы, ат спорты кешенінің құрылысы, панельді радиаторлар өндірісі, жылыжай кешенінің құрылысы, медициналық орталық, пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу желісі, тауарларға арналған пластмасса қаптамалар өндірісі, демалыс базасы сияқты жобалар бар.

 

Томирис СҰЛТАН