Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оралда биыл 974 отбасы баспаналы болады

Қазіргі уақытта Орал шаһарында  мемлекеттік бағдарламалар арқылы 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Оралда биыл 974 отбасы баспаналы болады
Фото: Томирис Сұлтан

Қала әкімі Абат Шыныбековтың мәлімдеуінше, биыл Орал қаласында тұрғын үй құрылысына 7,3 млрд. теңге бөлінген. Салынып жатқан тұрғын үйдің сегізі биыл пайдалануға беріліп, 974 отбасыға пәтер кілті тапсырылмақ.  

Сондай-ақ биыл жеке инвестициялар есебінен жалпы көлемі 72 мың шаршы метр болатын тұрғын үй салынуда. Апатты үйлердің мәселесі де оң шешіліп келеді.

– Бұл – мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің бірлескен жұмысы арқылы мүмкін болып отыр. Биыл осы жұмыстардың нәтижесінде 1 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоба арқылы тағы да 5 үйдің құрылысы жүргізілуде, – деді қала басшысы.

Сонымен қатар жаңа «Ақжайық» шағынауданы бойынша 3 шағын ауданның жобалық-сметалық жобасы жасақталуда. Мемлекеттік қаржыландыру есебінен барлығы 2326 пәтер болатын 25 үй  салынады. Қала әкімі бір үймен келісімшарт жасақталғанын мәлім етті.  Құрылыс жұмыстары алдағы айда басталады. Қалған тұрғын үйлер мемлекеттік-сарапатамадан өту кезеңінде.

Бұдан бөлек, аталған жаңа шағын ауданда коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілмек.

Томирис СҰЛТАН