Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Биыл Оралда 30 шақырым жолға асфальт төселеді

Орал қаласы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 615 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальт-бетонды және қатқылтабанды жабыны бар жолдың ұзындығы – 4 22 шақырым. Бұл жалпы жолдардың 68,8 пайызы.

Биыл Оралда 30 шақырым жолға асфальт төселеді
Фото: Томирис Сұлтан

Қазіргі таңда 13 нысан бойынша 20 шақырым жол құрылысы жүргізілуде. Деркөл кентінің Сарыарқа шағын ауданына жол салу жұмыстары жалғасын тапты. Биыл 10,3 шақырым асфальтталады. Ал Зашаған кентіндегі Сарытау шағын ауданына жол салу жұмыстары аяқталып келеді. Сонымен қатар қаланың Солтүстік-Шығыс бөлігінде 7,6 шақырым, Зашаған кентінің Бірлік көшесінде 1,5 шақырым жол құрылысы салынуда.

Жалпы 2021 жылы қала аумағында 30 шақырым жол асфальтталып, пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда жолдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін 23 жоба жасақталуда.

Томирис СҰЛТАН