Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбелік азаматтар еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовты сотқа берді

Жаңа қаулыға сәйкес, жұмыс беруші қызметкерін жұмысқа кіргізбеуге құқылы.

Ақтөбелік азаматтар еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовты сотқа берді
фото: ашық дереккөз

Қазақстан тұрғындары республиканың бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовты сотқа берді деп хабарлайды Paryz.kzДиапазон басылымына сілтеме жасап.  

Белгілі болғандай, үш ақтөбелік азамат бірігіп, бас санитарлық дәрігердің үстіне арыз жазған. Оған себеп – жаңа қаулы.

Жаңа қаулыға сәйкес, жұмыс беруші қызметкерін жұмысқа кіргізбеуге құқылы.

Арыз жазушылар Ерлан Қиясовтан қаулыдағы тиісті тармақтарды алып тастауды талап етіп отыр. Олардың айтуынша, ол - заңға қайшы.

Ақтөбедегі сот Ерлан Қиясовтың Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтінін анықтады. Ол даулы шешімді елордада шығарды, яғни істің өзі сол жерде қаралуы керек, – делінген хабарламада.

Арызды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына беру туралы шешім қабылданды.

Еске салсақ, 6 қыркүйекте Қазақстанда Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Онда коронавирусқа қарсы вакцинацияланбаған адамдарды жұмыстан шығару туралы талап жазылған.