Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Орал әкімі: Тұрғындардың тазалыққа қатысты мәдениетін артыру керек

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков жергілікті «Ақжайық» арнасындағы «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тікелей эфир арқылы ел-жұрттың сауалдарына жауап берді.

Орал әкімі: Тұрғындардың тазалыққа қатысты мәдениетін артыру керек
Фото: Жұбан Мұрат

Қала тазалығына қатысты көрермен сұрағына жауап бере отырып Абат Абайұлы Оралда 1497 көше, 500 жуық аула бар екенін айтты. Тиісті аумақтар бойынша тазалыққа тұрғындардың да, ПИК-тің де, арнайы мекемелердің де жауапкершілігі барын айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда шаһарда 740 континер алаңы бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 140 алаңға көп. «Тек контейнер қоюмен мәселе тазалық мәселесі шешілмейді,-деді шаһар басшысы.-Бірінші кезекте тұрғындардың тазалыққа қатысты мәдениетін артыру керек».

Жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы баяндаған әкім биылғы 8 ай ішінде қалалық жұмыспен қамту бөліміне 7 мыңнан астам адам жүгінгенін мәлімдеді. Оның 3 мыңдайы мембағдарламалар аясында тұрақты, қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға тұрған. 277 жас «Жастар практикасымен» қамтылды.

Жалпы бағдарлама барысында жер, жол, тұрғын үй құрылыстарына, әлеуметтік нысандар салу, қала маңындағы елдімекендерді дамыту, ономастика, қоғамдық көлік, жол апатын азайту және өзге де өзекті мәселелер бойынша сауалдар қойылып, оларға жауап берілді.

 

Жұбан МҰРАТ