Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: aikyn.kz

Алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады paryz.kz, Қазгидрометке сілтеме жасап.

9 қазанда түнде Қарағанды облысының кей жеріне тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерінде 15-20 м/с-ке жетеді.

9 қазанда күндіз, 10 қазанда тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының кей жеріне тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

9 қазанда күндіз, 10 қазанда тәулік бойы Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

9 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының кей жеріне тұман түседі.

9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

9 қазан түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді.

9 қазанда Түркістан облысының кей жеріне түнде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде кей жерде 3 градус үсік жүреді.

9 қазанда түнде Шымкентте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Түркістан қаласында 9 қазанда күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с күшті жел соғады. Түнде 1-3 градус суық болады.