Шараны ашқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев жиналғандарды Қала күнімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Орал қаласы әкімдігі, Оралдағы брейк-данс федерациясы мен «Шабыт» балалар клубы бірлесе ұйымдастырған чемпионатқа қатысушылар жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне қарай бағаланды.
Нәтижесінде 6-10 жасқа дейінгі балалар арасындағы «Китс» аталымы бойынша Әлихан Уәлиев, 11 жастан жоғары жасөспірімдер арасындағы «Джуниорда» Әліби Өтеп, ал кәсібилер сынға түскен «Профида» Дархан Ахметжанов жеңіске жетті. Командалық есепте «Эдельвис», «5 студиясы» үздік болды.
Жұбан МҰРАТ