Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Бас санитар дәрігер "Алтын Орда" базары туралы сұраққа әлдекімнің көмегімен жауап берді (ВИДЕО)

Әлдебіреу микрофонды өшіруді ұмытып кеткен болуы мүмкін, сол себепті брифингке қатысушылардың сөйлесіп жатқан дауыстары эфирге шығып кетті.

Бас санитар дәрігер "Алтын Орда" базары туралы сұраққа әлдекімнің көмегімен жауап берді (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы облысында коронавирустың таралуының алдын алу бойынша брифинг өтті. Облыстың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановқа "Алтын Орда" базарының жұмысы туралы сұрақ қойылды. Алайда әлдекім қалай жауап беру керек екенін Сыдымановқа сыбырлаған сәті эфирге шығып кеткен деп хабарлайды Paryz.kzNUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Журналист бас санитар дәрігерден неге облыс аумағында енгізілген шектеу шаралары "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда ойын-сауық орталығына әсер етпейтінін сұрады. Әлдебіреу микрофонды өшіруді ұмытып кеткен болуы мүмкін, сол себепті брифингке қатысушылардың сөйлесіп жатқан дауыстары эфирге шығып кетті.

Базардың республикалық екенін, бірақ мұнда тиісті шектеулер бар деп айт, – деп сыбырлады олар Ерғали Сыдымановқа.

Содан кейін бас дәрігер оған айтылған жауапты ​​қайталады.

Айта кету керек, брифингке Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансенгіров те қатысты. Бұл жауапты солардың бірі айтқан болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов локдаун кезінде Алматы маңында орналасқан "Алтын Орда" базары неліктен іс жүзінде еш шектеусіз жұмыс істегенін айтқан болатын. Әкім орынбасарының айтуынша, "Алтын Орда" базарының республикалық маңызы бар, онда басқа өңірлерден, тіпті шетелдерден – Қырғызстан мен Өзбекстаннан өнім әкелінеді.

Азық-түлікке баға белгілеу маңызды рөл атқарады, себебі бұл базардан көтерме саудагерлер сауда жасап, сатып алады. Егер біз оны жабатын болсақ немесе бірнеше күнге шектеу қойсақ, онда дүрбелең туып, бұл азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі, – деді Батыржан Байжұманов.