Оралда IT-секторды одан әрі дамытуға мән берілмек

2017 жылы Орал қалалық әкімдігінде «Ашық әкімдік» жобасы ұйымдастырылды.

Оралда IT-секторды одан әрі дамытуға мән берілмек
Фото: Жұбан Мұрат

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында жүзеге асқан бұл жоба негізгінен ашықтық, қолжетімділік, қызмет көрсету сапасын арттыру, жемқорлық көріністерін төмендету бойынша жұмыс істеп келеді. Негізгі мақсаты - Орал қаласының тұрғындарына қызмет көрсетуге арналған ыңғайлы алаңды ұйымдастыру. Бүгінде бұл жоба өз мақсатына жетті деуге болады.

Қазіргі таңда күніне орта есеппен 135 қала тұрғыны келіп, мемлекеттік қызметтерді пайдаланады. Өткен сегіз ай ішінде 920-дан астам адам  операциялық залда болып кетті.

-«Ашық әкімдік» жобасы ұйымдастырылғанына қуаныштымыз. Бұрын біз бір кабинетке кіру үшін анда-мында сабылып жүретін едік, ал мынау бәрі бір жерде қаз-қатар отырып, жұмыс істеуде. Қажет ақпараттарды анықтап біліп аламыз. Біз үшін өте ыңғайлы. Мысалы үшін бұрын қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміндегі қызметті алу үшін 1-2 сағат уақытым кететін. «Ашық әкімдік» қолданыс енгізілгені 15-20 минуттың ішінде кеген шаруамыз шешіледі,-дейді Орал қаласының тұрғыны Ерболат Қалиев.

Таяуда өткен қала әкімдігінің активінде шаһар басшысы Абат Шыныбеков осы орайда, қалада IT-секторды одан әрі дамыту, күшейту түсу маңызды екенін айтты. «Ол үшін ең алдымен бұл салаға білімді әрі ынталы мамандар тартуымыз керек. Жас мамандарға қолайлы жағдай туғызу үшін қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруға жіті мән берген дұрыс,» - деді Абат Абайұлы.  

 

Жұбан МҰРАТ